«Эгида» Алматы қаласының

Заң консультанттары палатасы»

Жалпы Жиналысының Шешімімен бекітілген

2019 жылғы 15 мамырдағы № 04 хаттама

 

 

«Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы»

мүшелерінің заң көмегін көрсету

СТАНДАРТЫ

 

Заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету және клиенттердің мүдделерін құқықтық ақпараттандыруды, консультация беруді және білдіруді жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыру мақсатында заң консультантының құқықтық ақпараттандыру, құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру, клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып, клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге де құқықтық әрекеттер жасау түріндегі заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес әзірленген.

Стандарттардың ережелері заң консультантының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттер жасауына жол бермеуге, оның Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының, кәсіби әдеп кодексінің және «Эгида «Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» өзге де қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.

Стандарттарда құқықтық ақпараттандыруды, құқықтық консультация беруді, сондай-ақ соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік етуді, клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып, клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасауды жүзеге асыратын заң консультантының қызметіне қойылатын ең төмен талаптар қамтылады.

 

  1. Заң көмегін көрсететін заң консультанты міндетті:

                 1.1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ Палата Жарғысының, қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;

1.2. Палата белгілеген Кәсіби әдеп кодексінің ережелерін сақтауға, сондай-ақ Палата Жарғысында және Палатаның жалпы жиналысының шешімдерінде белгіленген жарналарды төлеуге;

1.3. Кәсіби қызметте заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;

1.4. Клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан заң көмегін көрсетуге өзінің қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;

1.5. Заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

1.6. Клиентке Палатаға мүшелік туралы ақпарат беруге;

1.7. 01.01.2020 ж. бастап клиенттің талабы бойынша заң консультантының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;

1.8. Клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының Палатадағы мүшелігін растайтын Палата мүшелері тізілімінен үзінді көшірме ұсынуға;

1.9. Егер клиент қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасасуға;

1.10. Клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген іс-әрекетті орындауға;

1.11. Клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда не электрондық құжаттар нысанында заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы сақтауға;

1.12. Өз біліктілігін үнемі арттырып отыруға;

1.13. 01.01.2020 жылдан бастап кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға.

  1. Заң көмегін көрсететін заң консультанты құқылы:

               2.1. Заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда білдіруге;

2.2. Барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;

2.3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде заң көмегін көрсету үшін қажетті нақты деректерді дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ұсынуға;

2.4. Процессуалдық құжаттарды, сот істерін қоса алғанда, заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және олардағы ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен жазып алуға;

2.5. Заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

2.6. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған адамдардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтінішхаттар мәлімдеуге, белгіленген тәртіппен шағымдар келтіруге;

2.7. Заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

2.8. Татуластыру рәсімдерін жүргізуге;

2.9. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;

2.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға;

2.11. Клиенттің келісілген заң көмегінің көлеміне байланысты емес тапсырмаларын орындаудан, сондай-ақ заң консультантының жыл сайынғы демалысы кезеңінде жұмыстан тыс уақытта, түнгі сағаттарда, демалыс және мереке күндері клиенттің тапсырмаларын орындаудан бас тартуға. Бұл ретте, заң консультанты клиенттің құқықтарына нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған (сот отырыстарын кейінге қалдыруды келісуге, қажетті процестік құжаттарды алдын ала дайындауға және беруге және т.б.) барлық ықтимал шараларды  қабылдауға міндетті.

  1. 3. Құқықтық ақпараттандыру және консультация беру барысында заң консультанты:

3.1. Клиентпен әңгіме барысында істің мән-жайын анықтайды;

3.2. Клиент ұсынған құжаттарды зерделейді;

3.3. Жеке және заңды тұлғаларға ауызша немесе жазбаша түрде құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде: клиенттердің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасауға қатысты консультациялар береді.

  1. Клиенттің заң көмегін көрсетуге арналған тапсырмасын қабылдау барысында заң консультанты:

              4.1. Қорғауға (өкілдік етуге) тапсырма қабылдауға кедергі келтіретін немесе осы консультанттың іс бойынша іс жүргізуге қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтауы керек;

4.2. Істің мән-жайын зерделеуі керек;

4.3. Клиенттің құқықтық проблемаға немесе даудың нысанасына ұстанымы мен қатынасын анықтауы керек;

4.4. Қажет болған жағдайда клиенттен заң консультантының клиент атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын тиісті құжатты алуы керек.

4.5. Клиентпен қабылданған тапсырмалардың көлемін және заң көмегіне ақы төлеу шарттарын толық көрсете отырып, жазбаша келісім жасасуға тырысуы керек.

  1. 5. Өкілдікті жүзеге асыру процесінде заң консультанты:

               5.1. Клиенттің өтініші бойынша оған консультация береді және оған іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін, іс бойынша қолданылатын материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын түсіндіреді;

5.2. Клиентке өтініштер, өтінішхаттар, шағымдар, өзге де іс жүргізу құжаттарын жазуға, сондай-ақ әртүрлі шарттар, хаттар, өтініштер жасауға көмек көрсетеді немесе оларды өз бетінше дайындайды;

5.3. Клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша тағайындалған сот отырыстарына қатысады;

5.4. Қажет болған жағдайда және клиент берген сенімхат негізінде мемлекеттік органдарда, мекемелерде, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, сот орындаушыларымен қатынастарда және т.б. клиенттің мүдделерін білдіреді.

5.5. Өз қалауы бойынша заңнамада тыйым салынбаған өзге де қорғау және өкілдік ету құралдары мен тәсілдерін пайдаланады.