«Эгида» Алматы қаласының

Заң консультанттары палатасы»

 Жалпы жиналысының Шешімімен бекітілген

2019 жылғы «       » _________ №  ___ хаттама

 

 

Заң консультанттары палатасына кіру үшін аттестаттауды өткізу

қағидасы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» (бұдан әрі – Палата) мүшелігіне үміткер тұлғаларға аттестаттау өткізу Қағидасы 2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 83-бабына сәйкес әзірленді және аттестаттау өткізу, сондай-ақ Палата мүшелігіне кіру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
  2. Палатаға кіруге үміткер тұлғалар (бұдан әрі – үміткер) аттестаттауды Палатаның Алқалы басқару органында (бұдан әрі – Алқалы орган) өтеді.

Палатаның алқалы басқару органының құзыреті, құрылу тәртібі және қызметі Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Палатаның жарғысымен айқындалады.

  1. Аттестаттаудан өтуден босатылады:

1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан табысты өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған тұлғалар;

2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;

4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар тұлғалар;

5) теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған тұлғалар.

  1. Палатаның Алқалы басқару органының отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және уәкілетті органдардың өкілдері қатысуға құқылы.

2-тарау. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi

  1. Үміткер Палатаға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) жолдайды.

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат (көшірме);

2) жоғары заң білімі туралы құжат (көшірме);

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтама (көшірме);

4) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттар (көшірме);

5) психикалық-неврологиялық ұйымнан анықтама;

6) наркологиялық ұйымнан анықтама.

  1. Өтінішті қараудан бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, құжаттар Алқалы органның қарауына жіберіледі.
  2. Құжаттар тиісінше рәсімделмеген не олардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайларда, өтініш ұсынылған құжаттармен бірге олар Палатаға келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды қарамастан, бас тарту себебі туралы хабарламамен бірге үміткерге қайтарылады.

Егер үміткер Заңда белгіленген талаптарға сай болмаса, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

3-тарау. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары

  1. Аттестаттау үміткердің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде өткізіледі.
  2. Аттестаттауға жіберілген үміткерді Алқалы орган аттестаттау жүргізілерден күнтізбелік он күн бұрын оның жүргізілетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы хабардар етеді. Хабарлама үміткердің электрондық поштасына не үміткердің байланыс нөміріне СМС-хабарламамен жіберіледі.

Алқалы органның отырысына келген кезде үміткердің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

Аттестаттау қажеттілігіне қарай өткізіледі.

  1. Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.

Заңнаманы білу тестісін орындауға берілген жалпы уақыт – 90 минут (100 сұрақ).

  1. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Палата дербес өзі бекітеді. Үмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар заң көмегін көрсету үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң) сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.

Дұрыс жауаптарды есептеу Палатаның Алқалы басқару органының мүшелерімен тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

  1. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

Әңгімелесу тестілері құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

  1. Палатаның Алқалы басқару органы аттестаттау нәтижелері бойынша уәжді шешім шығарады, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес хаттамамен рәсімделеді, Хаттамадан үзіндінің көшірмесі үміткерге тапсырылады.
  2. Аттестаттаудан өту кезiнде үміткердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына рұқсат етілмейді.

Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, Алқалы орган үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді.

Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен бастап бір ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.

  1. Дәлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, iссапарда болу себебiнен, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан қатысудың мүмкiн еместiгi, құжатпен расталған өзге де мән-жайлар) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәртіппен Алқалы органның келесі отырысына шақырылады.

Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды.

  1. Заңның 83-бабында белгіленген талаптарға өзінің сәйкестігі туралы шешім қабылданған тұлға заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылданды деп есептеледі және мұндай тұлға туралы мәліметтер заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын осындай тұлға ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі (01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізіледі). Мұндай тұлғаға ол туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасындағы нақты мүшелігін растайтын құжат беріледі.
  2. Тұлғаны заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту үшін негіздер:

1) тұлғаның Заңның 83-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

2) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіби әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін, егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, тұлғаны заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығару.

Палата мүшелігіне қабылдаудан бас тарту туралы Палатаның шешіміне уәкілетті органға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Эгида» Алматы қаласының

Заң консультанттары палатасына кіру үшін аттестаттауды өткізу Қағидасына 1-қосымша

кімнен _________________________
(тегі аты әкесінің аты (бар болса)

Тұрғылықты мекенжайы:
___________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан,
____________________________
елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)Электрондық пошта:_________

байланыс телефон нөмірі ________

 

Өтініш

 

Мені «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» мүшелігіне кіру үшін аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.

Шынайы мәліметтерді ұсынғаным үшін дербес жауап беремін.

Көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе одан бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін.

Барлық қоса тіркелген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

Қосымша:

1) жеке басты куәландыратын құжат (көшірме);

2) жоғары заң білімі туралы құжат (көшірме);

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтама (көшірме);

4) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттар (көшірме);

5) психикалық-неврологиялық ұйымнан анықтама;

6) наркологиялық ұйымнан анықтама.

 

______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

Заң көмегін көрсетуге үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу Қағидасына

2-қосымша

 

«Эгида»

Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы»

Алқалы басқару органының

хаттамасы

 

Төрағалық етті:
Қатысқандар:

          (лауазымы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
мүшелер: (лауазымы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Заң консультанттары палатасына кіру үшін аттестаттауға қатысатын үміткерлерді іріктеу.

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» Алқалы басқару органы заң консультанттары палатасына кіру үшін үміткерлерді аттестаттаудан өткізді және шешім қабылдады:

  1. «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасына кіру үшін келесі үміткерлер аттестаттаудан өтті деп саналсын:

_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

  1. «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасына кіру үшін келесі үміткерлер аттестаттаудан өтпеді деп саналсын:

_____________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

  1. Заң консультанттары палатасына кіру үшін аттестаттауға келесі үміткерлер келген жоқ:

_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Палатаның Алқалы басқару органының мүшелері:

_____________________________________________
(лауазымы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

 

М.О.  «____»____________20___ж.
(Хаттаманың шығарылған күні)