«Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы»
Жалпы Жиналысының Шешімімен бекітілген
2019 жылғы 15 мамырдағы № 04 хаттама
Өзін-өзі реттейтін ұйым – «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасының»
ҚАҒИДАЛАРЫ
МАЗМҰНЫ
- Жалпы ережелер.
- Өзін-өзі реттеу.
III. Заң көмегі.
- Заң консультанттары палатасы.
- Заң консультанттары палатасының мүшелері.
- Кәсіби қызмет қағидалары.
VII. Іскерлік әдеп қағидалары.
VIII. Жосықсыз бәсекелестікке кедергі келтіретін талаптар.
- Палатамен және Палатаның басқа мүшелерімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары.
- Палатаның өз мүшелерінің қызметін бақылауы.
- Палата мүшелерінің жауапкершілігі және оған тарту тәртібі.
XII. Қорытынды ережелер.
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» қағидалары (бұдан әрі мәтін бойынша – Палата) Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VI «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №390-V Заңына, «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚРЗ, Палата Жарғысының негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзге де нормаларына сәйкес әзірленді және бекітуге және келісуге жатады.
1.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын кейбір терминдер:
өзін-өзі реттеу – өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекітуге, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі реттеу субъектілерінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуге негізделген жеке және заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметті өз бетінше реттеуге бағытталған шаралар кешені;
өзін-өзі реттейтін ұйым – қауымдастық (одақ), қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы, қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақтығы қағидаты бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті не міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген коммерциялық емес ұйым;
өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары – өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат;
жеке мүдделілік – өзін-өзі реттейтін ұйымның және (немесе) оның мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының құрамына кіретін адамның, еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғаның материалдық және (немесе) өзге де мүдделілігі;
кәсіптік қызмет – арнайы даярлық, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі нәтижесінде алған арнайы теориялық білімді, практикалық икемдер мен дағдыларды иеленуді талап ететін жеке тұлға қызметі;
заң консультанттары палатасы – заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, кәсіби әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметіне бақылау жасау мақсатында құрылған, міндетті мүшелікке негізделген, өзін-өзі реттейтін мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін ұйым болып табылады.
заң консультанты – жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға;
заң консультанттарының қызметі – заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі;
заң көмегі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алуға, оның ішінде арнаулы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
заң көмегіне қатысушылар – заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар;
клиент – заң көмегін алуға жүгінген жеке немесе заңды тұлға (өкіл);
құқықтық ақпарат беру – белгісіз адамдар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көзбен шолу арқылы танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін заң көмегінің түрі;
құқықтық консультация беру – жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты заң көмегінің түрі;
мүдделер қақтығысы – заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы заң көмегін көрсетпеуге немесе сапасыз көрсетуге әкеп соғуы мүмкін қайшылық.
1.3. Заң көмегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының кодекстерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып көрсетіледі.
1.4. Заң консультанттары палатасының қызметі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі.
1.5. Палата мүшелері жалпы Құрылтай жиналысының хаттамасы және Палатаның Жарғысы Палатаның Құрылтай құжаттары болып табылады.
1.6. Осы Қағидалар Палатаның барлық мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті және келесі мақсаттарды қамтамасыз етуге бағытталған:
1) Палата мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын нақты талаптарды айқындау;
2) Палатаның мүшелері (қатысушылары) өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін арттыру;
3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын іс-әрекеттердің алдын алу;
4) Палата мүшелерінің (қатысушыларының) мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану;
5) Палата мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін қорғау.
1.7. Палатаның осы Қағидалары Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында, Іскерлік әдеп қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді және өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын жоюға немесе азайтуға арналған.
1.8. Палатаның осы Қағидалары тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өзге де адамдарға моральдық зиян немесе нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға, Палата мүшесінің (қатысушысының) іскерлік беделіне не Палатаның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жосықсыз бәсекелестікке кедергі келтіретін талаптарды белгілейді.
1.9. Палатаның осы Қағидалары Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жауапкершілігін және оған тарту тәртібін көздейді.
1.10. Осы Қағидалар Палатаның интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялануға тиіс. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитындарды қоспағанда, олардың мазмұнын толық жарияламауға жол берілмейді.
1.11. Палатаның осы қағидалары Палата мүшелері мүдделерінің қайшылықтарын болдырмауға және туындаған кезде оларды реттеуге бағытталған.
1.12. Палатаның осы қағидалары Палата мүшелерінің Қазақстанның заң қызметін көрсету туралы қолданыстағы заңнамасының талаптарын іске асыруын қамтамасыз етеді.
1.13. Палатаның осы қағидаларын Палатаның барлық мүшелері орындауға міндетті.
- ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ
2.1. Палатадағы өзін-өзі реттеу заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіби қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделеді.
2.2. Палатада өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары:
1) отандық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) отандық экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) нарыққа қатысушылардың тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту болып табылады.
2.3. Палатадағы өзін-өзі реттеудің жалпы қағидаттары:
1) заңдылық – барлық мүдделі тұлғалардың құқықтары сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттеуді енгізу және жүзеге асыру;
2) теңдік – Палата мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтары мен міндеттерінің болуы;
3) өзін-өзі қаржыландыру – мүшелік жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер негізінде Палата қызметін қаржыландыру;
4) жауапкершілік – Палатаның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Палата мүшелерінің (қатысушыларының) іс-әрекеттерімен келтірілген нұқсан үшін үшінші тұлғалар алдындағы мүліктік жауаптылыққа кепілдік беру тетіктерін пайдалануы;
5) қызметтің ашықтығы – мүдделі тұлғалар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Палатаның барынша ашық қызметі;
6) беделге тәуелділік (беделдік тәуелділік) – Палата мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіби беделіне тәуелділігі;
7) өзара көмек және мүдделерді қорғау – Палатаның өз мүшелеріне (қатысушыларына) көмек көрсетуі, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғауы;
8) тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Палатаның қызметіне мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға жол бермеу.
9) тиімділік – өзін-өзі реттеуді енгізу бұл мемлекеттік реттеу кезінде қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізуді қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылады;
10) қайталауды болғызбау – Палата мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қосарланған бақылауды алып тастау мақсатында мемлекеттік органдар мен Палата құзыретінің аражігін нақты ажырату болып табылады.
2.4. Палата кәсіптік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың бастамасы бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады және қызметін тоқтатады. Палата «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылуы мүмкін.
2.5. Мүшелікке (қатысуға) ие болу және одан айырылу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында және Палатаның жарғысында айқындалады. Палата мүшелерінің (қатысушыларының) санына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
2.6. Палата таратылған жағдайда оның мүшелері (қатысушылары) үш ай ішінде басқа заң консультанттары палатасына кіруге міндетті. Осы мерзім ішінде Палата мүшелері (қатысушылары) кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2.7. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Палатаның қызметін бастау, сол сияқты тоқтату үшін негіз болып табылатын хабарлама реттеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
Палата хабарлама жіберілгеннен кейін екі ай ішінде реттеуші мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Палатаның Жарғысы;
2) Палатаның осы қағидалары мен стандарттары;
3) мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) және өзге де тұлғаларды тұтынушылар алдында мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілі туралы мәліметтер.
2.8. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен алып тастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша, тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2.9. Заң консультанттары палаталарының тізілімі – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген хабарламалар негізінде қалыптастырылатын, олардың деректемелері, өздері жүзеге асыратын қызмет түрлері, олардың филиалдары туралы мәліметтерді қамтитын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізбесі. Мұндай палаталар туралы ақпарат мүдделі адамдарға, мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.
2.10. Палата өзінің интернет-ресурсында орналастыру және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы мынадай ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті:
1) өз мүшелерінің (қатысушыларының) құрамы туралы;
2) Палата мүшелерінің (қатысушыларының) өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар және өзге де тұлғалар алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері және тәртібі туралы;
3) Палатаға өзінің мүшелігін (қатысуын) тоқтатқан мүшелер (қатысушылар) және олардың мүшелігін (қатысуын) тоқтату негіздері туралы;
4) Палатаға мүшелік (қатысу) шарттары туралы;
5) осы Қағидалардың мазмұны туралы;
6) Палатаның басқару органдарының және мамандандырылған органдарының құрылымы мен құзыреті, Палатаның алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы, Палатаның жеке-дара атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адам туралы;
7) Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы және Палатаның алқалы басқару органы қабылдаған шешімдер туралы;
8) Палата мүшелерін Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, қағидалардың, Кәсіби әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту жағдайлары туралы;
9) Палата соттарға, сондай-ақ Палатаға қатысты берген кез келген талап қоюлар мен арыздар туралы;
10) Палата мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне Палата жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы;
11) әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпаратты қамтитын қаржы-шаруашылық қызмет туралы есеп туралы;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Палатаның ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты.
2.11. Палата Ереже Басқармасы бекітетін нысанда оның қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз пайдалануы Палата мүшелеріне (қатысушыларына) моральдық зиян және (немесе) мүліктік залал келтіруі немесе осындай зиян және (немесе) нұқсан келтіру үшін алғышарттар жасауы мүмкін ақпаратты алу, пайдалану, өңдеу, сақтау және қорғау тәсілдерін көздейді.
2.12. Өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын болғызбау мақсатында Палатаның мүшелері (қатысушылары), Палатаның басқару органдарының құрамына кіретін адамдар, оның қызметкерлері, ең алдымен, өз қызметінің мақсаттарына қатысты Палатаның мүдделерін сақтауға міндетті және өздерінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асырумен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбауға немесе осындай мүмкіндіктердің мақсаттарға қайшы келетін Палатаның жарғысында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуына жол бермеуге тиіс.
2.13. Өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу жөніндегі шаралар Палата Жарғысында, осы қағидаларда белгіленеді.
2.14. Палата тексеруді жүзеге асыру арқылы өз мүшелерінің (қатысушыларының) Палата қағидаларының талаптарын, Палатаға мүшелік (қатысу) шарттарын сақтауы бөлігіндегі кәсіби қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
2.15. Палата мүшелеріне (қатысушыларына) тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі уәкілетті органмен және реттеуші мемлекеттік органмен келісілген Палата қағидаларында (Ережесінде) белгіленеді. Палата реттеуші мемлекеттік органды Палатаның атына оның мүшелеріне (қатысушыларына) келіп түскен шағымдар туралы хабардар ету тәртібін белгілейді.
2.16. Палата өз мүшелері (қатысушылары) алдында Қазақстан Республикасының заңдарында және оның жарғысында белгіленген тәртіппен Палата қызметкерлері Палата мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне бақылауды жүзеге асырған кезде олардың құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін жауаптылықта болады.
2.17. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, Палата Жарғысының, қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін оның мүшесі (қатысушысы) Қазақстан Республикасының заңдарына, Палатаның ішкі құжаттарына сәйкес жауапты болады.
2.18. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Палата мүшелеріне (қатысушыларына) жаза қолдану, оларды алып тастау және шағым жасау тәртібі Палатаның жарғысында және қағидаларында айқындалады.
2.19. Палата мүлкін қалыптастыру көздері:
1) Палата мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті жарналары;
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
3) кәсіпкерлік қызметке, Палата мүшелерінің (қатысушыларының) коммерциялық немесе кәсіптік мүдделеріне байланысты білім беру қызметтерін көрсетуден алынған қаражат;
4) кәсіпкерлік қызметке, Палата мүшелерінің (қатысушыларының) коммерциялық немесе кәсіптік мүдделеріне байланысты ақпараттық материалдарды сатудан алынған қаражат;
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер.
2.20. Палата өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғалар алдында мүліктік жауапкершілікті, оның ішінде өзінің және өз мүшелерінің (қатысушыларының) қамтамасыз ету тәсілі ретінде ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде, тәртіппен және шарттарда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды қолданады.
2.21. Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету шеңберінде өндіріп алуды қолдану мынадай жағдайлардың бірінде жүргізіледі:
1) Палата талаптардың негізділігін және өндіріп алуды қанағаттандыру қажеттілігін таныған кезде;
2) заңды күшіне енген сот немесе төрелік шешімінің негізінде.
2.22. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе оның жарғысында өзгеше көзделмесе, мүліктік жауаптылықты қамтамасыз ету шараларын пайдалану тәртібі Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы бекіткен Палатаның ішкі құжаттарында айқындалады.
III. ЗАҢ КӨМЕГІ
3.1. Заң көмегін көрсету қағидаттары – заң көмегін көрсетудің оның мазмұнын айқындайтын және заң көмегіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын қамтамасыз ететін іргелі бастаулары, олар өзара байланысты және олардың жүйесін құрайды. Заң көмегін көрсету қағидаттарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3.2. Заң көмегін көрсету мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заң үстемдігі;
2) заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;
3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;
4) клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну;
5) кәсіптік құпияны сақтау;
6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау;
7) заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;
8) заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;
9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет;
10) заң көмегінің қолжетімділігі.
3.3. Заң көмегі баршаның заң алдындағы теңдігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті бастауларында ұсынылады.
3.4. Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметіне прокуратура, соттар, басқа да мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
3.5. Заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі. Заң көмегін көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады.
3.6. Заң көмегін көрсететін тұлға клиенттің мүдделеріне зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға міндетті. Заң көмегін көрсету кезінде заң көмегін көрсететін тұлға клиентке, қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, заң көмегінің ықтимал нәтижелері мен салдарларын түсіндіруге міндетті.
3.7. Заң көмегін көрсету шараларын таңдау клиенттің мүдделерін негізге алуға тиіс.
3.8. Заң көмегін көрсететін тұлға кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
3.9. Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.
Заң көмегін көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі шаралар қабылданады. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
3.10. Заң көмегі жоғары кәсіптік және әдептік нормалар сақтала отырып көрсетіледі. Осы нормаларды қалыптастыруды заң көмегін көрсететін тұлғалар жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық, адамгершілік нормалары және заң көмегін көрсету стандарттары негізінде жүзеге асырады.
3.11. Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, заң көмегін көрсетудің шектері мен шаралары заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.
3.12. Заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде заң көмегін көрсету сапасының үздік практикаларын ендіру арқылы қамтамасыз етіледі.
3.13. Заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүзеге асыруға тиісті кәсіптік даярлығы бар және өз біліктілігін кезең-кезеңімен арттырып отыратын адамдар жіберіледі.
3.14. Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің кәсіп бойынша әріптестеріне құрмет, әділдік және ынтымақтастық рухында қарым-қатынас жасауға тиіс. Заң көмегін көрсету сотқа және сот ісін жүргізу қағидаларына деген құрметке негізделуге тиіс.
3.15. Заң көмегі келесі түрде көрсетіледі:
1) құқықтық ақпарат беру;
2) құқықтық консультация беру;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі.
3.16. Мыналар заң көмегінің нысандары болып табылады:
1) өтеулі негізде көрсетілетін заң көмегі;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегі;
3) кешенді әлеуметтік заң көмегі.
3.17. Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетілетін заң көмегі өтеулі негіздегі заң көмегі деп танылады.
3.18. Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады.
3.19. Клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.
3.20. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі.
3.21. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.
3.22. Кешенді әлеуметтік заң көмегі:
1) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) жасына байланысты зейнеткерлерге;
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
7) қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайдағы өзге де адамдарға көрсетіледі.
3.23. Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
3.24. Заң көмегін заң консультанттары – Палата мүшелері өз құзыреті шегінде көрсетеді.
- ПАЛАТА
4.1. Палата мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кәсіби мінез-құлық қағидаларын және кәсіби әдеп кодексін белгілейді;
2) Палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және оларды Палата мүшелерінің орындауын қамтамасыз етеді;
4) палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
5) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;
6) Палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
7) заң консультанттары Палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
8) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
9) заң консультанттары Палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіби әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіби әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;
11) орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
12) практиканы қорытады және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
13) палатаның ішкі құжаттарына сәйкес заң консультанттары Палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, заң консультанттары палатасының жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4.2. Палатаның басқару органдары оның жарғысында айқындалған органдар болып табылады.
4.3. Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы өз құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасының заңдарымен және оның жарғысымен Палата қызметінің мәселелерін қарауға өкілетті Палатаның жоғары басқару органы болып табылады.
4.5. Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы оның жарғысында белгіленген кезеңділікпен және тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет шақырылады.
4.6. Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) жарғыны және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;
2) Палатаның басшылары мен басқарма мүшелерін сайлау, аталған органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшылардың не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
3) Палата Төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды қызметке тағайындау, оларды қызметтен мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру және оның өкілеттіктерін тоқтату;
4) Палатаның жарғысында белгіленген тәртіппен оның бақылау органының (тексеру комиссиясының) мүшелерін сайлау;
5) ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, Палата мүшелерінің (қатысушыларының) осы Қағидалар мен стандарттардың талаптарын бұзғаны туралы істерді қарау тәртібін, Палатаға мүшелік (қатысу) шарттарын бекіту;
6) Палата қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын айқындау;
7) алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының, бақылау органының (тексеру комиссиясының) және мамандандырылған органдардың есептерін Палатаның жарғысында белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және кезеңділікпен бекіту;
8) Палатаның бюджетін бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, Палатаның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
9) Палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау, таратушыны немесе тарату комиссиясын тағайындау;
10) адамдардың Палата мүшелерінен (қатысушыларынан) шығарудың негізсіздігі туралы өтініштерін қарау;
11) Палатаның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің жүргізілуін тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау;
12) Палатаның қағидаларын, стандарттарын және өзге де ішкі құжаттамасын бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына және палатаның жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау.
4.7. Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы оның алқалы басқару органының функцияларын жүзеге асырған жағдайда Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстары кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
4.8. Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
4.9. Палатаның алқалы басқару органы – оның Басқармасы – жеке тұлғалар – Палата мүшелері (қатысушылары) қатарынан қалыптастырылады, осы органды қалыптастыру тәртібі, оның жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында, Палатаның жарғысында және өзге де құжаттарында айқындалады.
4.10. Палата басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) Палатаның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
2) Палата Төрағасының қызметіне тексерулер жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
3) Палатаның атқарушы басқару органының лауазымына тағайындау және оларды қызметтен босату үшін кандидат не кандидаттар Палатасы мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына ұсыну;
4) кандидатуралары төрешілер ретінде ұсынылуы мүмкін адамдардың тізбесін Палата құрған төрелікте өздерінің өтініштері бойынша қаралатын дауларға қатысушылардың таңдауы үшін бекіту;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Палата жарғысында көзделген негіздер бойынша Палата мүшелігіне (қатысушыларына) кіру немесе Палата мүшелігінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешім қабылдау;
6) Палата жарғысында көзделген өзге де мәселелер.
4.11. Палата төрағасының құзыретіне Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының және оның Басқармасының құзыретіне жатпайтын Палатаның шаруашылық және өзге де қызметінің кез келген мәселелері жатады.
4.12. Палата Төрағасының өкілеттік мерзімі оның Жарғысында белгіленеді.
4.13. Палатаның құқықтары мен міндеттері «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Қағидалармен және стандарттармен айқындалады.
4.14. Палата мынадай құқығы бар:
1) өз мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мүдделерін, олар өтініш жасаған жағдайда білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда олардың өкілдері болуға;
2) мемлекеттік органдарға өзін-өзі реттеу субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қабылданған нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасауға құқығы бар;
4) дауларды сотта және сотқа дейінгі шешуге, оның ішінде төрелiкке қатысуға;
5) мүшелік жарналарды жинауға және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін қалыптастыруға;
6) Палата мүшелерін (қатысушыларын) кәсіптік оқытуды, аттестаттау жүргізуді ұйымдастыруға;
7) Палатаның мүшелері (қатысушылары) үшін міндетті Палатаның қағидаларын, стандарттарын және өзге де ішкі құжаттарын бекітуге;
8) Палата мүшелерін (қатысушыларын) Палатаға мүше болу (қатысу) шарттары, қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтау бөлігінде бақылау;
9) өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген ықпал ету шараларын қолдану;
10) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасын бұзатын тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
11) өз жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
12) Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында Палатаның өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға құқылы.
Палатаның Қазақстан Республикасының заңдарында және оның жарғысында белгіленген өзге де құқықтары бар.
4.15. Палата міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғысын және ол қабылдаған ішкі құжаттарды сақтауғаға;
2) өкілеттіктері шегінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
3) мүшелер (қатысушылар) арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
4) ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы мүшелерді (қатысушыларды) хабардар ету;
5) өз қызметінің және өз мүшелері (қатысушылары)қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге;
6) егер заң тікелей талап етсе, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша әзірленетін қағидалар мен стандарттарды уәкілетті органмен және реттеуші мемлекеттік органмен келісуге;
7) өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін олар Палатаға есеп беру нысанында беретін ақпарат негізінде, кейіннен Қазақстан Республикасының заңдарында, Палата жарғысында немесе Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен реттеуші мемлекеттік органдарға бере отырып, талдауды жүзеге асыруға;
8) өз мүшесінің (қатысушысының) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Палатаның қағидалары мен стандарттарын бұзуы, сондай-ақ Палата мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында, Палата мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімімен бекітілген Жарғыда немесе өзге де құжатта белгіленген тәртіппен реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізуге.
Қазақстан Республикасының заңдарында және палатаның жарғысында Палатаның өзге де міндеттері белгіленуі мүмкін.
4.16. Палата өз міндеттемелері мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру арқылы «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңға сәйкес осы Қағидаларда және стандарттарда көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілі ретінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен, мерзімдерде, шарттарда және жағдайларда жауап береді.
4.17. Палата тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың он бесінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға мүшелерді Палатаға енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы ақпарат беруге міндетті.
4.18. Заңға сәйкес осы Қағидаларда және стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетін, аттестаттаудан өткен жеке тұлға Палата мүшесі бола алады. Палата Палата мүшелеріне қосымша талаптар көздеуі мүмкін.
4.19. Палата мүшелігіне үміткерлерді аттестаттау Палата бекіткен аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.
Аттестаттауды өткізу қағидаларын Палата мүшелерінің жалпы жиналысы бекітеді, күшіне енеді және уәкілетті органмен келісуге жатады.
4.20. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды.
4.21. Аттестаттаудан өтуден Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған адамдар босатылады.
4.22. Палатаға мүшелікке қабылдау қағидалары мен шарттарын Палатаның өзі тиісті Ережеде айқындайды.
4.23. Палатаға кіру үшін үміткер мыналарды ұсынады:
1) жоғары заң білімі туралы құжат;
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқ екендігі туралы анықтама;
3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттар;
4) аттестаттау нәтижелері;
5) мекенжай анықтамасы;
4.24. Заң консультанты бір мезгілде заң консультанттарының бір ғана палатасының мүшесі бола алады.
4.25. Палатада кіру жарналарына тыйым салынады.
4.26. Палатада жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді. Жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4.27. Палата тиісті Ережемен белгілі бір кезеңге арналған жыл сайынғы мүшелік жарнаның мөлшерін айқындау тәртібін, оны төлеу тәртібін және өзге де шарттарды белгілейді.
4.28. Палата өзі бекіткен Ережеге сәйкес Палата мүшелерінің тізілімін электрондық форматта жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында өзекті жағдайда орналастырады. Палата мүшелерінің тізілімі заң талаптарына сәйкес келетін және Палатаға мүшелік, оны тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді қамтитын заң консультанттары Палаталары тізілімінің құрауышы болып табылады.
4.29. Адам өзі туралы мәліметтер Палата мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап Палата мүшесінің барлық құқықтарын иеленеді.
4.30. Палата мүшелерінің тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) Палата мүшесінің тіркеу нөмірі, оның тізілімде тіркелген күні;
2) Палата мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), байланыс телефондарының нөмірлері;
3) Палата мүшесінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
4) Палата мүшесіне заң консультанттары Палатасы жүргізген тексерулердің нәтижелері және оған тәртіптік және өзге де жазаларды қолдану фактілері туралы мәліметтер;
5) уәкілетті орган, Палата көздеген өзге де мәліметтер.
4.31. Палатадағы өзінің мүшелігін тоқтатқан адамдарға қатысты Палата мүшелерінің тізілімінде жоғарыда көрсетілген ақпаратпен қатар Палатадағы мүшеліктің тоқтатылған күні туралы және осындай тоқтатудың негіздері туралы интернет-ресурста орналастырылуға тиіс ақпарат болуға тиіс.
4.32. Палата тиісті ішкі құжаттың негізінде Палата мүшелерінің тізілімін ол туралы мәліметтер Палаталар тізіліміне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізеді.
4.33. Палата мүшесі Палата мүшелерінің тізіліміндегі ақпараттың өзгеруіне әкеп соғатын кез келген оқиғаның басталғаны туралы Палатаға осындай оқиғалар басталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
4.34. Тұрғылықты жері туралы мәліметтерді, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін және егер Қазақстан Республикасының заңдарында оларға қол жеткізу шектелген болса, өзге де мәліметтерді қоспағанда, Палата мүшелерінің тізілімінде қамтылған ақпарат Палата тиісті ішкі құжатта айқындаған тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың сұрау салулары бойынша ұсынылады. Мұндай ақпаратты ұсыну мерзімі тиісті сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
4.35. Палатаның заң консультанттарының осы Қағидалар мен Палата стандарттарының талаптарын, палатаға мүшелік шарттарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4.36. Осы Заңда көзделген жағдайларда Палатаның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне дауды реттеудің міндетті сотқа дейінгі тәртібі сақтала отырып, сотта дау айтылуы мүмкін.
4.37. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, кәсіби әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Палата Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4.38. Заң консультанттары Палатасының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде), оның басқару органдарының шешімдерінде заң консультанттары Палатасына қатысты бұзушылықтар болған жағдайда, сот тәртібімен заң консультанттары Палаталарының тізілімінен алып тастау түрінде ықпал ету шарасы қолданылуы мүмкін.
- ПАЛАТА МҮШЕЛЕРІ
5.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби қызметпен айналысуға құқығы бар жеке тұлғалар Палатаның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.
5.2. Палатаға мүшелікке (қатысушыларға) қабылдаудың және оған мүшелікті (қатысуды) тоқтатудың шарттары мен тәртібі оның жарғысында, Палатаның Ережесіне және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында тиісті түрде белгіленеді.
5.3. Палата мүшелері (қатысушылары) өз дербестігі мен жеке және заңды тұлғаның құқықтарын сақтап қалады.
5.4. Палатаның құрылтайшылары мен мүшелері (қатысушылары) тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
5.5. Палата мүшесі заң көмегін дербес, дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты негізінде көрсете алады.
5.6. Палата оның мүшелері (қатысушылары) тұрақты мерзімді негізде төлейтін мүшелік жарналарды белгілейді. Жарналар Палатаның меншігі болып табылады, оларды жинау мөлшері мен тәртібі палатаның жарғысында, оның мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
5.7. Палата мүшесі көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға өзі мұқтаж болған кез келген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда көрсетуге құқылы. Палата мүшесі өз атынан өзіне жүгінген адаммен заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт жасасады.
5.8. Палата мүшесі өкіл ретінде әрекет ете отырып, келесілерге құқылы:
1) құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегін сұрап өтініш жасаған адамдардың құқықтары мен мүдделерін білдіруге;
2) барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде заң көмегін көрсету үшін қажетті нақты деректерді дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
4) іс жүргізу құжаттарын, сот істерін қоса алғанда, заң көмегіне жүгінген адамға қатысты материалдармен танысуға және олардағы ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен жазып алуға;
5) заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
6) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған адамдардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтінішхаттар мәлімдеуге, белгіленген тәртіппен шағымдар келтіруге;
7) заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
9) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға.
5.9. Палата мүшесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ заң консультанттары палатасы қағидаларының талаптарын сақтауға;
2) өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы белгілеген Кәсіби әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жарналарды төлеуге;
3) кәсіби қызметте заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;
4) соттарда адамдардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға;
5) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің заң көмегін көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
6) заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
7) клиентке заң консультанттары палатасына мүшелік туралы ақпарат беруге;
8) клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) ұсынуға;
9) клиенттің талабы бойынша өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен үзінді көшірме ұсынуға;
10) егер клиент қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісім жасасуға;
11) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген іс-әрекетті орындауға;
12) клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық құжаттар нысанында заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы сақтауға;
13) өз біліктілігін үнемі арттырып отыруға;
14) кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
5.10. Палата мүшесіне іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстаным ұстануына, өз өкілеттігін өзі мүддесін білдіретін адамға нұқсан келтіре отырып пайдалануына тыйым салынады.
5.11. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда Палата мүшесіне заң көмегін көрсетуге тыйым салынады және ол заңда белгіленген жағдайларда заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
5.12. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, Палата жарғысының, қағидаларының, Кәсіби әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін оның мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Палатаның қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады.
5.13. Палата мүшесі өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін Палатаның әрекеттері (әрекетсіздігі), оның басқару органдарының шешімдері бұзған жағдайда, мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке), шешімдерге уәкілетті органда немесе сотта дау айтуға, сондай-ақ Палатаның өзіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуін талап етуге құқылы.
5.14. Палата мүшесінің заң консультанты ретіндегі қызметін сақтандыру, мерзімдері мен тәртібі Заңға сәйкес айқындалады.
- КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫ
6.1. Палата мүшесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, палатаның жарғысында және ішкі құжаттарында белгіленген Палатадағы мүшелік шарттарына сәйкес келуге міндетті.
6.2. Заң көмегін көрсету кезінде Палата мүшесі клиенттің (қызметті тұтынушының) мүддесі үшін, сондай-ақ Палатаның өзінің жақсы беделін сақтау үшін адал және парасатты әрекет етуге міндетті.
6.3. Қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Палата Жарғысының және Палатаның ішкі құжаттарының барлық талаптарын орындай отырып, Палата мүшесі жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асыруы тиіс.
6.4. Өз қызметінің, Палата қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Палатаның әрбір мүшесі міндетті:
заңтану, қаржы, экономика, бухгалтерлік және салықтық есепке алу мен есептілік және т. б. салалардағы жаңа жетістіктерді (әзірлемелерді) зерделеу және практикада қолдану арқылы өзінің кәсіби даярлығының деңгейін тұрақты негізде арттыруға;
өз білімі мен тәжірибесін беру арқылы Палатаның басқа мүшелерінің кәсібилігін арттыруға жәрдемдесуге;
палата мүшелігіне үміткерлердің тағылымдамасын жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге.
6.5. Палата мүшесі өзінің кәсіби қызметінде адал және әдепті болуға тиіс; өзінің кәсіби немесе жеке мақсаттарына қол жеткізу үшін алдауға, қорқытуға, бопсалауға, пара алуға, басқа адамдардың ауыр материалдық немесе жеке жағдайларын немесе басқа да заңға қайшы құралдарды пайдалануға жүгінбеуге тиіс.
6.6. Палата мүшелері туындаған барлық жағдайларды және нақты фактілерді объективті түрде қарауға, жеке алалаушылық, наным-сенімдер не сырттан келетін қысым олардың қорытындыларының, шешімдері мен әрекеттерінің объективтілігіне әсер етуіне жол бермеуге міндетті.
6.7. Палата мүшесі істің мәнімен байланысты мәселелерді шешуде өз құзыретіне сенімді болуға тиіс және егер оның құзыреті қызмет көрсету үшін жеткіліксіз деп санауға негізі болса, қызмет көрсетуден бас тартуға міндетті.
6.8. Палата мүшесі Клиентті (қызмет тұтынушысын) көрсетілетін қызметтердің орындалу барысы туралы хабардар етуі және клиенттің (қызмет тұтынушысын) өз ісінің жай-күйі туралы сұрау салуларына уақтылы жауап беруі тиіс. Ақпарат оған көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысты негізделген шешімдер қабылдауы үшін жеткілікті көлемде жіберілуі тиіс.
6.9. Палата мүшесі клиентке (қызметтерді тұтынушыға) қызмет көрсетуге құқылы емес және мынадай жағдайларда қызмет көрсету міндеттемесін қабылдаудан бас тартуға тиіс:
егер ол мүдделері қызмет көрсетуге өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін клиентке (қызметттерді тұтынушыға) қызмет көрсетсе немесе бұрын қызмет көрсеткен болса;
егер клиенттің (қызметтерді тұтынушының) талаптары заңнамаға айқын қайшы келсе немесе ол көрінеу жалған немесе заңнаманы бұза отырып алынған құжаттарды, материалдарды, дәлелдемелерді пайдалануды не өзге де заңсыз құралдар мен тәсілдерді пайдалануды талап етсе;
егер одан оған басқа клиент (қызметтерді тұтынушы) сеніп тапсырған құпияны жария етуді талап ететін мән-жайлар туындауы мүмкін болса, бұған осы адамның жазбаша келісімі алынатын жағдайларды қоспағанда;
Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемені орындаудан бас тартылған жағдайда Палата мүшесі клиенттің (қызмет тұтынушысының) көмек сұрап Палатаның басқа мүшесіне жүгіну мүмкіндігі болуы үшін бұл туралы алдын ала хабардар етуге тиіс.
6.10. Палата мүшесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің заң консультанты міндеттерін орындауына кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған не анықталған барлық жағдайларда дереу, үш жұмыс күні ішінде өз бастамасы бойынша Палатаға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
6.11. Палата мүшесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қорғалатын және Палата мүшесі міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтердің (оның ішінде қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің) құпиялылығын сақтауға міндетті.
VII. ІСКЕРЛІК ӘДЕП ҚАҒИДАЛАРЫ
7.1. Әдеп қағидаларының негізгі мақсаты заң консультанттары арасында, жалпы, Палата мүшелері мен клиенттер (қызмет алушылар) арасында, Палата мүшелері мен Палата арасында, Палата мүшелері мен мемлекеттік органдар мен ұйымдар және жұмыс кезінде кездесетін жеке тұлғалар арасында корпоративтік мінез-құлық нормаларын практикаға енгізу болып табылады.
7.2. Палата мүшелері клиенттің (қызмет алушының) мүддесі үшін адал және парасатты әрекет ете отырып, қызмет көрсетуге қатысатын барлық тұлғаларға қатысты объективтілік пен бейтараптылықты сақтауға міндетті.
7.3. Палата мүшелері Палатаның басқа мүшелеріне, басқа заң консультанттарына тілектестікпен қарауға, заң консультанттарының кәсіби қызметі мен беделіне нұқсан келтіретін саналы іс-әрекеттерден аулақ болуға міндетті.
7.4. Кәсіби қызмет нәтижелері үшін сенімге, өзара құрмет пен өзара жауапкершілік сезіміне негізделген заң консультанттары қауымдастығының жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында Палатаның барлық мүшелері Іскерлік әдеп қағидаларын орындауға тиіс.
7.5. Палата мүшелері Палата қызметіне қатысуға, Палата істерін басқаруға жәрдемдесуге міндетті.
7.6. Әдеп нормаларын бұзу, осы бұзушылық заңнамаға сәйкес қандай да бір санкцияларды қолдануға әкеп соғатынына қарамастан, Палата мүшелері тарапынан сотталуға жатады.
VIII. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН ТАЛАПТАР
8.1. Палата мүшесі қызметін клиенттерге (көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға), Палатаның өзге мүшелеріне, Палатаның өзіне, сондай-ақ кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметтің өзге субъектілеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыруға құқылы емес.
8.2. Жосықсыз бәсекеге жол берілмейді, оның ішінде:
Палата мүшесінің клиентке (қызмет тұтынушысына), Палатаның басқа мүшелеріне, палатаға, үшінші тұлғаларға зиян келтіруі не моральдық зиян және олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жалған, дәл емес немесе бұрмаланған мәліметтерді таратуы;
клиенттерді (қызметтерді тұтынушыларды), Палатаның, Палатаның басқа мүшелерін, өзінің кәсіби қызметі бойынша үшінші тұлғаларды жаңылыстыруға енгізу;
өз жұмыстары мен қызметтерін заң қызметтерін көрсету саласындағы қызметке басқа қатысушылар жүргізген жұмыстар мен қызметтермен және олардың нәтижелерімен дұрыс емес салыстыру;
коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алу, пайдалану, жария ету.
- ПАЛАТАМЕН ЖӘНЕ ПАЛАТАНЫҢ БАСҚА МҮШЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
9.1. Палата мүшесі Палатаға өзінің кәсіби қызметі туралы құжаттар мен ақпаратты Палатаның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және кезеңділікпен ұсынуға міндетті.
9.2. Палата мүшесі Палатаға ұсынылған және Палатаның заң консультанттары тізілімінде ұсталатын жеке деректерінің өзгергені туралы осындай өзгерістер туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Палатаға жазбаша хабардар етуге міндетті.
9.3. Палата мүшесі Палатаның барлық мүшелеріне, Палата мүшелері тобына не оған жеке өзі қатысты қабылданған Палата органдарының өкімдік немесе нұсқамалық сипаттағы шешімдерін, талаптарын, нұсқамаларын аталған құжаттарда, Палата органдарының актілерінде белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
9.4. Палата мүшесі Палатаның жарғысында және ішкі құжаттарында көзделген мүшелік жарналарды уақтылы енгізуге (төлеуге) міндетті.
9.5. Палата мүшесі туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Палатаның жарғысында және ішкі құжаттарында ұсынылатын мүшелік шарттарына сәйкес келмейді деп танылуы мүмкін кез келген мән-жайлардың туындауы туралы Палатаға жазбаша хабарлауға міндетті
9.6. Палата мүшесі туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Палатаға мынадай мән-жайлар туралы жазбаша хабарлауға міндетті:
өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде келтірілген шығындарды өндіріп алу мүмкіндігі туралы (атап айтқанда, оған ауызша не жазбаша кінәрат-талаптар қойылған жағдайда);
мүдделі тұлғалардың одан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы талаптарды сот тәртібімен қоюы туралы.
Палатаға және оның мүшелеріне жаза қолдану қаупі туралы.
9.7. Палата мүшесі әріптестеріне құрметпен қарауға, ұжымда қалыпты адамгершілік-психологиялық ахуалды сақтауға, қажет болған жағдайда әріптестеріне консультациялық көмек көрсетуге, жаңадан бастаған заң консультанттарының жұмысына мұқият қарап, оларға өзінің білімі мен тәжірибесіне көмектесуге міндетті. Егер әріптестің қателігі анықталса, Палата мүшесі оны түзетуге сыпайы түрде көмектесу мүмкіндігін табуы керек.
9.8. Палата мүшесі клиенттермен (қызметтерді тұтынушылармен) Палатаның басқа мүшесінің жеке өміріне, оның материалдық жағдайына, шығу тегіне, ұлтына қатысты мән-жайларды және Палата мүшесінің жеке басына қатысты, бірақ тапсырманың мәніне қатысы жоқ басқа да мән-жайларды талқыламауға тиіс.
9.9. Палата мүшесі мыналарға жол бермеуге тиіс және одан қалыс қалуға міндетті:
Палатаның басқа мүшесінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін сөздерге;
клиенттермен (қызметтерді тұтынушылармен) әңгімелесу кезінде Палатаның басқа мүшесіне кір келтіретін сөздерді қолдану, сондай-ақ басқа мүшенің іс-әрекеті мен жұмысының дұрыстығын бағалау және сынға алу;
Бұрын осы адамдарға қызмет көрсететін Палаталар;
Палатаның басқа мүшесі туралы әдейі жалған ақпарат тарату;
клиенттің (қызметтерді тұтынушының) қатысуымен Палатаның басқа мүшесінің іс-әрекеттерінің дұрыстығына дау айту.
- ПАЛАТАНЫҢ ӨЗ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
10.1. Палата өз қызметін жүзеге асыру үшін Палата мүшелерінің талаптарды сақтауын бақылауды және Палата мүшелеріне қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы істерді қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған орган құра алады.
10.2. Бақылау жүргізу үшін негіз болып табылуы мүмкін:
Палата мүшесінің Қағидалардың талаптарын бұзуына клиенттер (қызметтерді тұтынушылар) Палатаға жіберген шағымы;
Палата мүшесінің қызметі туралы есептілікті ұсынбау, егер ол Палатаның ішкі құжаттарымен белгіленсе;
мемлекеттік билік органдарының Палатасына жүгіну;
Палата мүшесінің үшінші тұлғаларға зиян келтіргені туралы мәліметтердің, Палата мүшесінің өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы мәліметтердің ашық көздерінде алынған ақпарат.
10.3. Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында өтініште немесе шағымда көрсетілген фактілер ғана зерттеуге жатады. Палата мүшелерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) иесі бүркемеленген өтініштер қаралмайды.
10.4. Палата мүшесі тексеру жүргізу үшін Палатаның тиісті органының сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты беруге міндетті.
10.5. Палата мүшесі осы органның әрекеттеріне шағым беруге құқылы. Аталған шағымдарды Палата Басқармасы қарайды.
- ПАЛАТА МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ОҒАН ТАРТУ ТӘРТІБІ
11.1. Палата мүшесінің осы Қағидаларды, сондай-ақ Палатада бекітілген өзге де ішкі құжаттарды орындамауы немесе тиісінше орындамауы оған қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын, атап айтқанда: ескертулерді, сөгісті, қатаң сөгісті, ҚР қолданыстағы заңнамасына, Палата жарғысына және Палатаның ішкі құжаттарына сәйкес Палата құрамынан шығаруды қолдану үшін негіз болады.
XII. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
12.1. Осы Қағидалар, оларды Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы бекіткен кезден бастап күшіне енеді және уәкілетті органмен келісуге жатады.
12.2. Осы Қағидаларға барлық өзгерістер мен толықтырулар, оларды Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы бекіткен кезден бастап ғана жарамды.