«Эгида» Алматы қаласының

Заң консультанттары палатасы»

 Жалпы жиналысының Шешімімен бекітілген

2019 жылғы «       » _________ №  ___ хаттама

 

 

 

 

 

 «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы»

мүшелерінің заң көмегін көрсету сапасының

 КРИТЕРИЙЛЕРІ

 

«Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» мүшелерінің заң көмегін көрсету сапасының осы Критерийлері заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету және оны көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қалыптастыру мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Заң көмегі сапасының критерийлері деп заң консультанттары көрсететін заң көмегін қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі көрсеткіштер түсініледі.

Сапа критерийлері заң көмегін көрсететін заң консультантының қызметіне қойылатын ең төмен талаптарды қамтиды.

 

  1. Заң консультанты заң көмегін көрсету кезінде келесі негізгі қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:

1) Заңның үстемдігі;

2) заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;

3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;

4) клиенттің мүддесі үшін заң көмегін ұсыну;

5) кәсіби құпияны сақтау;

6) кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;

7) заң көмегін көрсетудің шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;

8) заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;

9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсібі бойынша әріптестеріне құрмет көрсету;

10) заң көмегінің қолжетімділігі;

11) клиенттің де, заң консультантының да тынығу, жеке және отбасылық өмір, демалыс құқығын құрметтеу.

 

  1. Заң көмегі келесі түрде көрсетіледі:

1) құқықтық ақпараттандыру;

2) құқықтық консультация беру;

3) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету;

4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып, клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау.

 

  1. Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері:

1) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;

2) заңмен берілген өкілеттіктер шегінде заң көмегін көрсету;

3) заң көмегін көрсету кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, заң көмегін көрсету стандарттарын, сондай-ақ Кәсіби әдеп кодексін сақтау;

4) заң көмегін көрсетудің негізгі қағидаттарын сақтау. Әрбір қағидатты іске асыру заң көмегін көрсетудің өзге қағидаттарымен өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады;

5) қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес консультациялардың негізділігі мен уәжділігі;

6) клиенттің мүдделерін негізге ала отырып, заң көмегін көрсету шараларын таңдау;

7) клиенттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалану;

8) клиент ұсынған ақпараттың құпиясын сақтау;

9) мүдделер қақтығысы және (немесе) заң консультантының іске қатысуын болғызбайтын процестік заңнамада көзделген өзге де мән-жайлар болған кезде заң көмегін көрсету туралы қабылданған тапсырмадан бас тарту.