«Эгида» Алматы қаласының

Заң консультанттары палатасы»

 Жалпы жиналысының Шешімімен бекітілген

2019 жылғы «       » _________ №  ___ хаттама

 

 

 

 

«Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасына»

 МҮШЕЛІК ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ  

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасына» осы Мүшелік туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Палатаның Жарғысына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
  2. Осы Ереже палатаға мүшелік шарттарын, мүшелікке кіру, оны уақытша тоқтата тұру, тоқтату тәртібін және мүшелік жарналарды төлеу тәртібін айқындайды.
  3. Осы Ереженің шарттарына сәйкес Палатаға кірген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде заң көмегін жүзеге асыратын жеке тұлғалар Палата мүшелері бола алады.
  4. Палата мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасында, Палата Жарғысында, осы Ережеде, сондай-ақ Палатаның өзге де ішкі құжаттарында көзделген тең құқықтар мен міндеттерге ие болады.
  5. Палатаға мүшелік құқығы атаулы болып табылады және өзге үшінші тұлғаларға берілмейді.

ПАЛАТАҒА МҮШЕЛІК ШАРТТАРЫ

  1. Палатаға мүшеліктің міндетті шарты заңнамада, Жарғыда және осы Ережеде белгіленген шарттарды сақтау болып табылады.
  2. Палатаға кіру шарттары:
  • Жоғары заң білімінің болуы.
  • Кәсіби қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін соттылықтың және психикалық-неврологиялық және наркологиялық ұйымда диспансерлік есепте тұрудың болмауы.
  • Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы.
  • Палата берген аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы.

 

ПАЛАТА МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАУ

  1. Палатаға кіру үшін үміткер Палатаға мүшелік шарттарының сақталуын растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, Өтініш ұсынады.
  2. Палата мүшелігіне кіру туралы өтініш Палата Төрағасына жіберіледі.
  3. Өтініште заңнамада белгіленген мәліметтер, үміткердің жеке деректері туралы мәліметтер болуға тиіс: ТАӘ, ЖСН, білімі, кәсіби өтілі, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы, Жарғымен, осы Ережемен және Палатаның басқа да ішкі құжаттарымен танысқанын растау, сондай-ақ оларды сақтау міндеттемесі.
  4. Өтінішке келесі құжаттар пакеті қоса тіркеледі:
  • Сауалнама
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  • Жоғары заң білімі туралы құжаттың көшірмесі
  • Мекенжай анықтамасы
  • Кемінде 10 күн бұрын берілген сотталғандығының болмауы туралы анықтама.
  • Кәсіби қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін психикалық-неврологиялық және наркологиялық ұйымдағы диспансерлік есептің анықтамалары
  • Заңгердің заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама (мөрмен)
  • Палатаның Аттестациялық комиссиясының аттестаттаудың оң нәтижесі
  • 1 фото 3/4 (электрондық форматта, ажыратымдылығы 2 мегапиксельден кем емес)
  • Үміткер құжаттар пакетін қағаз нұсқада ұсынады және Палата үйлестірушісімен тіркеуге алынады және Палатаның Интернет-ресурсында тіркелген кезде электрондық түрде (pdf форматында, бір файлмен) қоса тіркеледі.
  1. Аттестаттаудан өтпеген үміткерлерді Палата мүшелігіне қабылдауға жол берілмейді. Аттестаттауды Палатаның Аттестациялық комиссиясы Аттестаттауды өткізу ережесіне сәйкес күнтізбелік айда кемінде бір рет өткізеді.
  2. Үміткер бір уақытта Заң талаптарына жауап беретін заң консультанттарының бір ғана палатасының мүшесі бола алады.
  3. Үміткердің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім осындай тұлғадан өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
  4. Үміткердің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімді Палата Басқармасы дауыс беру арқылы, оның ішінде сырттай дауыс беру арқылы да қабылдайды. Бұл ретте, егер дауыс беруге Палата Басқармасының кемінде 3 мүшесі қатысса, шешім көпшілік дауыспен қабылданды деп есептеледі.
  5. Үміткер ұсынған құжаттар оң қаралған кезде оған Палата Тізілімінен Үзінді көшірме беріледі, үміткер Палатаның талаптарына сәйкес келеді деп танылған күннен бастап үш күн ішінде оның дербес деректері Палатаның Тізіліміне енгізіледі.
  6. Қалауы бойынша, қосымша ақыға Палата мүшесі бекітілген нысан бойынша Заң консультантының куәлігін алуға құқылы.
  7. Палата мүшелігіне қабылдаудан бас тартқан жағдайда үміткерге жазбаша себептемелі бас тарту беріледі.
  8. Үміткер алынған себептемелі бас тартуға заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
  9. Үміткердің Палата мүшелігіне кіруге өтініш беруі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және көлемде өз дербес деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге, сондай-ақ, ашуға, оның ішінде Палатаның интернет-ресурсында ашуға келісім білдіру болып табылады.

 

ПАЛАТАҒА МҮШЕЛІКТІ ТОҚТАТУ

  1. Палатаға мүшелік Палата Басқармасының Шешімімен тоқтатылады:
  • заң консультантының Палата мүшелігінен шығу туралы өтініші негізінде;
  • жарғыда көзделген негіздер бойынша.
  1. Тұлғаның Палатаға мүшелігі көрсетілген палатаға оған қатысты шағым түскен жағдайда, егер Палата мүшесіне қатысты тексеру жүргізілсе немесе тәртіптік ықпал ету шарасын қолдану туралы іс қаралып жатса – тексеру аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік комиссия бұзушылық және тәртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарап біткенге дейін тоқтатылмайды.
  2. Палатаға мүшелікті тоқтату туралы жазба Палата мүшесінің қайтыс болғанын растайтын ақпарат Палатаға келіп түскен жағдайда Палата мүшелерінің тізіліміне енгізіледі.
  3. Өзіне қатысты Палатаға мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған тұлға Палатаға өзінің мүшелігін тоқтату фактісі туралы күнтізбелік жеті күн ішінде өз клиенттерін хабардар етуге міндетті.
  4. Палата Заң консультанттары палатасының Кеңесі заң консультантының Палатаға мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, мұндай шешімді Палатаның Интернет-ресурсында орналастыруға, сондай-ақ осындай шешімнің көшірмелерін жіберуге міндетті:
  • өзіне қатысты заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған тұлғаға;
  • заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген өзін-өзі реттейтін барлық ұйымдарға, егер тұлғаны заң консультанттары палатасының мүшелігінен шығару оның Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіби әдеп кодексінің талаптарын бұзуына байланысты болса;
  • уәкілетті органға.

 

ПАЛАТАДАҒЫ ЖАРНАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

  1. Деректер Палатаның Тізіліміне енгізілген күннен бастап Палата мүшесі Палатаның банк шотына жыл сайынғы мүшелік жарнаны күнтізбелік жыл үшін толық не бөліп-бөліп төлейді. Егер мүшелік жарналар бөліп төленетін болса, онда олар кемінде үш ай кезеңге енгізілуге тиіс.
  2. Егер мүшелік жарналар толық төленсе, олар ағымдағы жылғы 31 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде енгізілуге тиіс. Егер мүшелік жарналар бөліп-бөліп төленетін болса, олар соңғы төленген айдың 10 күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізілуге тиіс.
  3. Мүшелік жарналарды төлеу бойынша үш айдан астам берешек заң консультантын Палата Тізілімінен шығару үшін негіз болып табылады.

 

ПАЛАТАҒА МҮШЕЛІГІН ЖОҒАЛТПАЙ ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТА ТҰРУ

  1. Палата мүшесі өзінің өтініші бойынша мүшелік жарналарды төлемей, мүшелікті алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
  2. Мұндай өтініш алынғаннан кейін Палатаның Тізіліміне тиісті белгі қойылып, Палатаның Интернет-ресурсында орналастырылады.
  3. Палатаға мүшелік жарнаны төлеу туралы төлем құжатымен бірге Палата мүшелерінің тізіліміне қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын келіп түспеген жағдайда, Палата мүшесі Палата Тізілімінен шығарылады.

 

ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ПАЛАТАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, заң консультанттары палатасының Жарғысын, қағидалары мен стандарттарын, Кәсіби әдеп кодексін бұзғаны үшін Палатаның мүшесі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады.
  2. Заң консультанттары палатасының мүшелеріне жазалар қолдану, оларды алып тастау және оларға шағым жасау тәртібі жарғыда және осы Ережеде айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша: Өтініш – Үміткердің палатаға кіруі туралы сауалнама

«Эгида» Алматы қаласының

Заң консультанттары палатасы»

төрағасы

Хамидова Зулейха Батталиевна ханымға

Кімнен  _____________________________

(т.а.ә.)

________________________________

(туған күні)

_________________________________

(ЖСН)

_________________________________

(тұрғылықты мекенжайы)

_________________________________

(байланыс тел./e-mail)

 

 

Ө Т І Н І Ш

 

Мені «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» мүшелігіне қабылдауды сұраймын.   ____________________________________________________________________________. (ТАӘ)

«Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» мүшелігіне қабылдау қағидаларымен және шарттарымен таныстым.

Міндеттенемін:

  1. «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» Жарғысының, Құрылтай шартының, Кәсіби мінез-құлық қағидасының, заңгердің Кәсіби әдеп кодексінің және ішкі нормативтік құжаттардың ережелерін сақтауға.
  2. «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» айқындайтын тәртіппен және мөлшерде жыл сайынғы мүшелік жарналарды уақтылы енгізуге.

Өтінішке қоса тіркелетін құжаттар тізбесі:

  1. Сауалнама;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жоғары заң білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Мекенжай анықтамасы;
  5. Кемінде 10 күн бұрын берілген сотталғандығының болмауы туралы анықтама;
  6. Наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің анықтамалары;
  7. Заңгердің заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама (мөрмен);
  8. Палатаның Аттестациялық комиссиясының аттестаттау нәтижесі;
  9. Бір фото 3/4 (электрондық форматта, ажыратымдылығы 2 мегапиксельден кем емес).

Мен ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толық жауапты боламын. Осымен дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

 

_________________________                                     _____________________________

(қолы)                                                                                                                              (т.а.ә.)

 

Күні

 

Барлық құжаттарды сканерленген түрде, pdf форматында бір файлмен palata-yuristov@mail.ru электрондық адресіне жіберу және Палатаның интернет-ресурсында тіркеуден өту қажет.

 

 

 

 

ТАӘ

 

 

 

 

Туған күні, айы, жылы

 

 

Сәйкестендіру деректері ЖСН:

Жеке куәліктің нөмірі:

Кім берді:

Берілген күні:

 

Білімі, академиялық дәрежесі  

 

 

Байланыс контактілері Ұялы телефон нөмірі:

Жұмыс телефонының нөмірі:

Үй телефонының нөмірі:

(жоқ болған жағдайда сызықша қойыңыз)

 

E-mail  

 

 

Жұмыс орны, лауазымы  

 

 

Заңгер қызметіндегі өтілі  

 

 

Тұрғылықты мекенжайы  

 

 

Психо-және нарко-диспансерлік есепте тұрғаны туралы мәліметтер  

 

 

 

Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, бұл туралы «Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы» Төрағасына хабарлауды сұраймыз.