«Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы — заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының Заң консультанттары палатасының қызметі туралы заңнамасының, Палатаның қағидалары мен стандарттарының, сондай-ақ Кәсіби әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметіне бақылау жасау мақсатында құрылған, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылады.

«Эгида» Алматы қаласының Заң консультанттары палатасы Алматы қаласының Әділет департаменті Бостандық ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді.